Мағун сүресі

Мағун сүресін тыңдаңыз — Құранның 107-сүресі (7 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

الماعون

  1. أَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي يُكَذِّبُ بِٱلدِّينِ (1)

    1. Дін күнін (яғни Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын ұлы сот күнін) жоққа шығарғанды көрмейсің бе?!

  2. فَذَٰلِكَ ٱلَّذِي يَدُعُّ ٱلۡيَتِيمَ (2)

    2. Ол жетімді кеудесінен итереді.

  3. وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ (3)

    3. Пақыр-­міскіннің қарнын тойдырмайды, өзгені де ол іске әсте құлшындырмайды.

  4. فَوَيۡلٞ لِّلۡمُصَلِّينَ (4)

    4. (Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай өкінішті!

  5. ٱلَّذِينَ هُمۡ عَن صَلَاتِهِمۡ سَاهُونَ (5)

    5. Олар намаздарында ғапыл,

  6. ٱلَّذِينَ هُمۡ يُرَآءُونَ (6)

    6. сондай-­ақ құлшылықтарын ел­-жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды.

  7. وَيَمۡنَعُونَ ٱلۡمَاعُونَ (7)

    7. Олар (қоғамдағы садақа, зекет және өзге де әлеуметтік жәрдем түрлерін қамтитын) қайырымдылық істеріне теріс қарайды.

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 106. Қурайыш (قريش)
Келесі сүре: 108. Кәусәр (الكوثر)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский