Тәббәт сүресі

Тәббәт сүресін тыңдаңыз — Құранның 111-сүресі (5 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

المسد

  1. تَبَّتۡ يَدَآ أَبِي لَهَبٖ وَتَبَّ (1)

    1. Әбу Ләһабтың екі қолы бірдей құрысын, онсыз да құрыды!

  2. مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُ مَالُهُۥ وَمَا كَسَبَ (2)

    2. Мал-дүниесі мен бар тапқан­-таянғаны оған еш пайда бермеді.

  3. سَيَصۡلَىٰ نَارٗا ذَاتَ لَهَبٖ (3)

    3. Таяуда жанып шыжғырылу үшін жалын атқан отқа кіреді.

  4. وَٱمۡرَأَتُهُۥ حَمَّالَةَ ٱلۡحَطَبِ (4)

    4. Сондай-ақ оның (бұл дүниеде дұшпандық отын жағу үшін сөз тасыған) әйелі де, сол жалын атқан отқа отын тасушы болып кіреді.

  5. فِي جِيدِهَا حَبۡلٞ مِّن مَّسَدِۭ (5)

    5. Мойнына мықты есілген арқан салынған күйде.

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 110. Наср (النصر)
Келесі сүре: 112. Ықылас (الإخلاص)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский