Фәләқ сүресі

Фәләқ сүресін тыңдаңыз — Құранның 113-сүресі (5 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

الفلق

  1. قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلۡفَلَقِ (1)

    1. (Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай көр деп сиынамын:

  2. مِن شَرِّ مَا خَلَقَ (2)

    2. Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен,

  3. وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ (3)

    3. жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен,

  4. وَمِن شَرِّ ٱلنَّفَّٰثَٰتِ فِي ٱلۡعُقَدِ (4)

    4. түйіншектерге үрлеп, дуалайтын дуашылардың кесірінен,

  5. وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ (5)

    5. сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай көр деп сиынамын).

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 112. Ықылас (الإخلاص)
Келесі сүре: 114. Нас (الناس)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский