Тин сүресі

Тин сүресін тыңдаңыз — Құранның 95-сүресі (8 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

التين

  1. وَٱلتِّينِ وَٱلزَّيۡتُونِ (1)

    1. Інжірге және зәйтүнге серт!

  2. وَطُورِ سِينِينَ (2)

    2. Синай тауына (серт!)

  3. وَهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ ٱلۡأَمِينِ (3)

    3. Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шаһарға (серт!)

  4. لَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ فِيٓ أَحۡسَنِ تَقۡوِيمٖ (4)

    4. Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық.

  5. ثُمَّ رَدَدۡنَٰهُ أَسۡفَلَ سَٰفِلِينَ (5)

    5. Содан соң оны ең төменге (яғни жаратылыс атаулының ең төменгі деңгейіне) түсірдік.

  6. إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَلَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونٖ (6)

    6. Алайда иман келтіріп, ізгі де сауапты істер істегендердің жөні бөлек. Олар үшін әсте түгесілмейтін қисапсыз сый-сияпат бар.

  7. فَمَا يُكَذِّبُكَ بَعۡدُ بِٱلدِّينِ (7)

    7. (Уа, адам баласы!) Ендеше, (Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын) Дін күніне сенбеуіңнің себебі не?

  8. أَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِأَحۡكَمِ ٱلۡحَٰكِمِينَ (8)

    8. Алла – үкім етушілердің ең әділі, ең абзалы емес пе?

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 94. Инширах (الشرح)
Келесі сүре: 96. Аләқ (العلق)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский