Зилзәл сүресі

Зилзәл сүресін тыңдаңыз — Құранның 99-сүресі (8 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

الزلزلة

  1. إِذَا زُلۡزِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ زِلۡزَالَهَا (1)

    1. Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде...

  2. وَأَخۡرَجَتِ ٱلۡأَرۡضُ أَثۡقَالَهَا (2)

    2. Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып тастағанда...

  3. وَقَالَ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا لَهَا (3)

    3. Адам баласы: «Бұған не болды?» – деп зәре-­құты қалмай шошыған кезде...

  4. يَوۡمَئِذٖ تُحَدِّثُ أَخۡبَارَهَا (4)

    4. Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын­-соңды болып өткен бар істің хабарын түп-түгел баяндайды.

  5. بِأَنَّ رَبَّكَ أَوۡحَىٰ لَهَا (5)

    5. Өйткені Раббың оған бұларды (яғни, кімнің не істеп, не қойғанын) уахи арқылы білдіреді.

  6. يَوۡمَئِذٖ يَصۡدُرُ ٱلنَّاسُ أَشۡتَاتٗا لِّيُرَوۡاْ أَعۡمَٰلَهُمۡ (6)

    6. Сол күні адамдар дүниедегі жақсы­-жаман істерінің нәтижесі өздеріне көрсетілу үшін қабірлерінен шығып, топ­-топқа бөлініп (ғарасат майданына) бет алады.

  7. فَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٍ خَيۡرٗا يَرَهُۥ (7)

    7. Ендеше, кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады.

  8. وَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ شَرّٗا يَرَهُۥ (8)

    8. Ал кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады.

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 98. Бәйинә (البينة)
Келесі сүре: 100. Адият (العاديات)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский